Облыста болып жатқан футболда аудан құрамасы аудан намысын қорғап жатқаны бәріне мәлім. Бірнеше ойын өтседе аудан құрамасына шақырылған Бисенов Адай және Мұсаханұлы Нұржан жаттығу алаңына және кезекті ойындарға себепсіз қатыспай жүргендігі анықталды. Аудан намысы бізге ғана керек, қарсылас құрамалар тек бізді жеңуді ғана ойлайтыны анық. Осындай сәттерде аудан намысын қорғауда немқұрайлылық көрсеткен бұл ойыншылар қазіргі таңда өтіп жатқан "ЛИОН" жазғы лигасынан және алдағы уақытта футболдан өткізілетін барлық спорттық шаралардан босатылды. Алдағы уақытта ешқандай жасыл алаңда өнер көрсетпейтіндей шешім қабылданды. Тек қана бұл ойыншылар ғана емес аудан құрамасына шақырылған барлық ойыншылар жоғарыда аты аталған екі ойыншының қателігін қайталайтын болса, солардың күнін кешетіні айдан анық.
Аудан футболының төрағасы: У.Атырауов