Ойын ережесі
Команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (Гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады. Әр командада максималды 5 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Бір ойынның аты - матч, матч екі 15 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 10 минуттық үзілісі бар. Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см.
Футбол ойынының қауіпсіздік ережелері:
- Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды
Ойыншы әріптесіне белгі беруіне болады
- Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда оның айағын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады
- Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге болмайды
- Қандай жағдайда болмасын, допты алып келе жатқан қарсыласпен бетпе-бет келгенде, тек допты ғана тебу керек
- Жоғарыдағы допқа таласқанда қарсылас ойыншыны итеруге болмайды
- Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тиісуге болмайды
- Ойынға төрелік етушінің ескертпесін ойыншы мүлтіксіз орындауға тиісті
- Төрешінің bergen белгісін (ысқырықты) естіген bette ойынды тоқтату керек
- Футбол ойнайтын ойыншылардың саны алаңның кең тар екендігіне байланысты болады
- Ойынға киетін sport киімдері ауа райына қарай өзгереді
Ойын шарттарын бұзушылықты фол деп атайды. Бірінші рет тәртіп бұзған үшін - сары карточка беріледі, ал екінші қайталаған үшін - Қызыл карточкамен ойыншыны ойын алаңынан шығарады.
Фол (тәртіпті бұзу):
Бәсекелесті аяқпен тебу
Аяқпен қағу
Бәсекелеске секіру
Бәсекелеске шабуыл жасау
Қолмен итеру
Бәсекелесті ұрып-соғу т.б.
Тәртіпсіздік:
төбелес шығару
түкіру баллағат сөздер мен қылықтар т.б. жатады
Oıyn erejesi (latin)
Komandanyń dopty qarsylas komandanyń qaqpasyna salý (gol) jáne óz qaqpasyna salǵyzbaý. Machta kóbirek dop salǵan komanda utady. Ár komandada maksımaldy 5 oıynshy (qosalqy oıynshylardy sanamaǵanda), onyń bireýi - qaqpashy. Óz aıyp alańynda qaqpashydan basqa oıynshy dopty qolymen ustaýǵa bolmaıdy. Bir oıynnyń aty - mach, mach eki 15 mınýttyq bólimnen (taım) turady. Oıyn arasynda 10 mınýttyq úzilisi bar. Fýtbol dobynyń salmaǵy 396-453 g, dıametri 68-71 sm.
Fýtbol oıynynyń qaýipsizdik erejeleri:
- Oıyn barysynda daýryǵyp aıqaılaýǵa bolmaıdy
Oıynshy áriptesine belgi berýine bolady
- Dopty alyp bara jatqan qarsylasty qýyp jetken jaǵdaıda onyń aıaǵyn emes, dopty tebý arqyly tartyp alýǵa bolady
- Júgirip bara jatqan qarsylasty artynan kelip ıterip jiberýge bolmaıdy
- Qandaı jaǵdaıda bolmasyn, dopty alyp kele jatqan qarsylaspen betpe-bet kelgende, tek dopty ǵana tebý kerek
- Joǵarydaǵy dopqa talasqanda qarsylas oıynshyny ıterýge bolmaıdy
- Qandaı jaǵdaıda bolmasyn, qaqpashyǵa tıisýge bolmaıdy
- Oıynǵa tórelik etýshiniń eskertpesin oıynshy múltiksiz oryndaýǵa tıisti
- Tóreshiniń bergen belgisin (ysqyryqty) estigen bette oıyndy toqtatý kerek
- Fýtbol oınaıtyn oıynshylardyń sany alańnyń keń tar ekendigine baılanysty bolady
- Oıynǵa kıetin sport kıimderi aýa raıyna qaraı ózgeredi
Oıyn sharttaryn buzýshylyqty fol dep ataıdy. Birinshi ret tártip buzǵan úshin - sary kartochka beriledi, al ekinshi qaıtalaǵan úshin - qyzyl kartochkamen oıynshyny oıyn alańynan shyǵarady.
Fol (tártipti buzý):
Básekelesti aıaqpen tebý
Aıaqpen qaǵý
Básekeleske sekirý
Básekeleske shabýyl jasaý
Qolmen ıterý
Básekelesti uryp-soǵý t.b.
Tártipsizdik:
tóbeles shyǵarý
túkirý balaǵat sózder men qylyqtar t.b. jatady